768. Сүйінішәліұлы Махмуд (1873-ө.ж.б.) – имам әрі ишан,Шыңғырлау ауданы Ащысай болысынан, РСФСР Консти-туциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамыр-дағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынанайырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Жымпитыауданы Ащысай болысында хазірет (БҚОМА, №249 қор, №1тізбе, №20 іс); 1928 жылғы деректе: жасы 54-те, Орал округіШалқар ауданы Ащысай болысының №1 ауылында тұрған,мешіт имамы, үш әйелі бар,жоғары діни білімді Бұхараданалған, ишандық құрып, соңына 500-дей мүрид ерткен, 200қойы, 10 жылқысы, 5 түйесі, 90 сиыры бар, қала үлгісіменқиып салған қарағай үйі, екі киіз үйі, өз мешіті, шөп шабатын,жер жыртатын, тырмалайтын т.б. ауылшаруашылықтехникалары бар, ауылда өте ықпалды, бай-молдалардың сөзінсөйлеп, әлеуметтік зиянды үгіт-насихат таратқаны үшін ІІ топтізімінде кәнпескелеуге жататыны айтылған (ҚРОМА, №135қор, №1 тізбе, №752 іс, Жымпиты ауданының байыСүйінішәлиев Махмудты тәркілеп, жер аудару туралы).ОГПУ Орал округтік бөлімі 1928 жылы 25 қыркүйектетұтқындаған. КСРО НКВД ерекше кеңесі 1929 жылы18 қаңтарда РСФСР ҚК 58-10-б. бойынша 3 жылға жераударған. 1999 жылы 27 шілдеде Алматы облыстық прокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі Алматы облыстықпрокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі Алматы облыстықІІД-ның арнайы архивінде сақталған).