766. Сүгірұлы Шымырғали (1862-1935) – имам әрі ишан,Жымпиты уезі Бұлдырты болысынан. Батыс Қазақстан өңірінебелгілі Сүгір жыраудың ұлы, 5 мәрте қажыға барған. Тайпақауданы Ақтөбе ауылсоветі Байшөрек мекенінде тұрған, қазіргі БҚО Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі аумағындаБҚО Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі аумағындаекі мешіт ұстаған. Руы – тана жиембет. РСФСР Конституция-сының 65 бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағынұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынанайырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Советөкіметі орнаған соң мешітін большевиктер тартып алып,қызыл үйге айналдырған. Өзі қудаланып, Ресейге жераударылған. 1935 жылы елге келіп, қайтыс болған. ЗиратыБҚО Ақжайық ауданы Қарауалтөбе ауылдық округі,Қызылжар ауылында.