707. Өтепбергенов Ағарбай (1911, кей деректе 1909-1984) – БҚО Жаңақала ауданы, Саралжын ауылында туған. Молда. Руы - қалқаман тана мансұр. Ұрпақтарының дерегінше, 1936 жылы молдалығы үшін тұтқындалған. 1937 жылы 9 желтоқсанда БҚО НКВД «үштігі» РСФСР ҚК-нің 58-10-1, 58-11-баптарыбойынша айыптап, 10 жылға үкім кескен. Сібірде лагерде«стахановшы» атанып, уақытынан бір жыл бұрын босапкелген. Зайыбы Ғайни малшы болған, «Еңбек Қызыл Ту»орденімен марапатталған. А.Өтепбергенов өмір бойы ораза-намазын қаза қылмаған; Ақталғандар тізімінде жоқ. (Дерекберуші – жиені Мұнайдар Балмолда).
Өтепбергенов Ағарбай
- Аты-жөні: Өтепбергенов Ағарбай
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданы, Саралжын ауылы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: БҚО Жаңақала ауданы, Саралжын ауылы
- Ұлты: қазақ
- Діні: ислам
- Діни лауазымы: молда
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылы 9 желтоқсанда БҚО НКВД «үштігі» РСФСР ҚК-нің 58-10-1, 58-11-баптары бойынша
- Бұлтартпау шарасы: 10 жылға үкім кескен
- Дереккөз (құжат): Дерек беруші – жиені Мұнайдар Балмолда