7. Амиршанов Бирас Карисович. Туған жылы: 20.12.1921. Туған жері: Молотов облысы. Ұлты: қазақ. Тұтқынның жеке картотекасында 3х4 суреті жапсырылған. Әскери шені: лейтенант. Соңғы қызмет орны: 91-атқыштар бригадасы. Тұтқындағы жеке нөмірі: 3070. Тұтқынға түскен мерзімі: 04.12.1942. Тұтқынға түскен жері: Белый. Лагерь: шталаг 382. 1943 жылы 20 қазаннан Магдебург жұмысшы командасында болған. 1944 жылдың 28 қаңтарынан Люборе госпиталінде емделген. 1944 жылы 22 ақпаннан Орыс азат ету армиясы құрамында жаяу әскер полкінде болған. 1944 жылы 28 ақпаннан жұмысшы командасында болған. 1944 жылы 15 сәуірден Люборг госпиталінде емделген. 1944 жылдың 14 маусымында Альтенгробов лагерінен Берген-Бельсен лагеріне ауыстырылған. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 08.01.1945. Берген госпиталінде қайтыс болған. Мекенжайы мен туысы: Молотов облысы Шампита ауылы, Алимшан Хосифин. [РФ ҚМОА. Қор: Әскери тұтқын офицерлер картотекасы].
Амиршанов Бирас Карисович
- Аты-жөні: Амиршанов Бирас Карисович
- Туған жері: Сырым ауданы
- Категория: Соғыс тұтқыны