23. Туған жылы: 1893. Туған жері: Қазақ КСР. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Анасының есімі: Рамилла. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 944-атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 30.09.1941. Тұтқынға түскен жері: Волхов. Лагерь: шталаг 344. Тұтқындағы жеке нөмірі: Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 23.08.1943. Жерленген жері: Скробов. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы Жимбийский ауданы Куздогаринскиий ауылдық кеңесі Чапаев атындағы колхоз, Бошаев Султан. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977521. Іс: 1374. Парақ: 76].
1999 жылы Орал қаласынан шыққан «Боздақтар» кітабының V томының 312-бетінде «Бошаев Хамзағали 1899 ж. Бұлдырты ауыл советінде туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1942 ж. қыркүйекте хабарсыз кетті» деген мәлімет жазылған. Жоғарыда келтірілген РФ дереккөздеріне сай, Бошаев Хамзағали жау қолында тұтқында қайтыс болған. Хамзағали есімі Камса-Ай болып қате жазылған болуы керек. Сонымен қатар архив құжаты мен кітапта туған жылында айырмашылық бар. Ал екеуінің бір адам болуы әбден мүмкін.