41. Кубаев Жолдгали Кубаевич. Туған жылы: Туған жері: Қазақ КСР. Діні: мұсылман. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 884-атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 08.1942. Тұтқынға түскен жері: Сталинград. Лагерьдегі жеке нөмірі: 24862. Лагерь: шталаг 333. Тағдыры: жауға қызмет етіп, қаза тапқан. Қайтыс болған мерзімі: 14.09.1943. Жерленген жері: Петрикау. Мекенжайы мен туысы: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Қазақ ауылы. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977527. Іс: 91. Парақ: 134].
Ескертпе: Жолдгали Кубаев тұтқынға түскен соң легионер болған. Түркістан легионына қызмет еткендерді легионер деп атады. Құжатында легионер деген жазу бар. 1999 жылы Орал қаласынан шыққан «Боздақтар» кітабының V томының 339-бетінде «Құбаев Жолдығали 1906 ж. Сырым ауд. туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1942 ж. қарашада хабарсыз кеткен» деген мәлімет жазылған. Жоғарыда келтірілген РФ дереккөздеріне сай,Құбаев Жолдығали жау қолында тұтқында қайтыс болған.