54. Самитов Моти Ордобаевич. Туған жылы: 07.1919. Туған жері: Қазақ КСР Джемпите. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 72- атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 28.08.1941. Тұтқынға түскен жері: Николаево. Лагерь: шталаг XVII A. Тұтқындағы жеке нөмірі: 125223. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 25.04.1942. Жерленген жері: Кайзерштайнбрух. Мекенжайы мен туысы: Қазақ КСР Дземпита ауылы, анасы Бизимбаева Назипа. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977521. Іс: 1274. Парақ: 60].
1999 жылы Орал қаласынан шыққан «Боздақтар» кітабының V томының 357-бетінде «Саметов Мүти 1916 ж. Сырым ауд. туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1942 ж. наурызда хабарсыз кетті» деген мәлімет жазылған. Жоғарыда келтірілген РФ дереккөздеріне сай, Саметов Мути жау қолында тұтқында қайтыс болған. Оның архив құжаты мен кітаптағы туған жылында айырмашылық бар.