57. Султамбеков Наурсбай Султанбекович. Туған жылы: Туған жері: Батыс Қазақстан облысы. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Соңғы қызмет орны: 552-атқыштар полкі. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Тұтқынға түскен мерзімі: 06.1942. Тұтқынға түскен жері: Мясной Бор. Лагерь: шталаг IV H (304). Тұтқындағы жеке нөмірі: 39392 Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 20.03.1944. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы Джибити ауданы Курдгора ауылы, Усянова. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977520. Іс: 2736. Парақ: 54].
1999 жылы Орал қаласынан шыққан «Боздақтар» кітабының V томының 361-бетінде «Сұлтанбеков Наурызбай 1911 ж. Сырым ауд. туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1944 ж. наурызда хабарсыз кетті» деген мәлімет жазылған. Жоғарыда келтірілген РФ дереккөздеріне сай, Сұлтанбеков Наурызбай жау қолында тұтқында қайтыс болған.