60. Тагбергинов Усмакан Тагбергинович. Туған жылы: Туған жері: Қазақ КСР. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Тұтқынның картотекасында 3х4 фотосы жапсырылған. Соңғы қызмет орны: атқыштар полкі. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Тұтқынға түскен мерзімі: 08.07.1942. Тұтқынға түскен жері: Старый Оскол. Лагерь: шталаг 339. Лагерьдегі жеке нөмірі: 16970. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 08.1943. Жерленген жері: Берген-Бельсен. Мекенжайы мен туысы: Қазақ КСР Коздугара ауылы, Тагбергинова Сагира. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977520. Іс: 2336. Парақ: 2].
1999 жылы Орал қаласынан шыққан «Боздақтар» кітабының V томының 361-бетінде «Тағбергенов Ізмұқан 1908 ж. Бұлдырты ауыл с-да туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1943 ж. тамызда хабарсыз кетті» деген мәлімет жазылған. Жоғарыда келтірілген РФ дереккөздеріне сай, Тағбергенов Ізмұқан соғыста жау қолында тұтқында қайтыс болған. Архив құжаты мен кітапта Тағбергенов Ізмұқанның аты-жөні қате жазылған және туған жылында айырмашылық бар.