- Тлепов Ехсан Тлепович. Туған жылы: 1895. Туған жері: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 676-атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 06.1942. Тұтқынға түскен жері: Харьков. Лагерь: Бельцы 7 лагері. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 25.10.1942. Жерленген жері: Румыния, Илфов, Будешти. Мекенжайы мен туысы: Орал облысы Жымпиты ауданы, Тлепова Жансулу. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977528. Іс: 154. Парақ: 126].
1999 жылы Орал қаласынан шыққан «Боздақтар» кітабының V томының 363-бетінде «Тлепов Ихсан 1899 ж. Сырым ауд. туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1942 ж. шілдеде хабарсыз кеткен» деген мәлімет жазылған. Жоғарыда келтірілген РФ дереккөздеріне сай, Тлепов Ихсан соғыста жау қолында тұтқында қайтыс болған. «Боздақтар» кітабында Тлепов Ихсан десе, архив құжатында Тлепов Ехсан деп жазылған және туған жылында айырмашылық бар.