65. Тулубаев Дшахад Тилбаевич. Туған жылы: 01.1919. Туған жері: Орал. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 374-атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 25.06.1941. Тұтқынға түскен жері: Каунас. Тұтқындағы жеке нөмірі: 2308. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 16.06.1942. Жерленген жері: Ширвиндт. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы Дшаметинск ауданы Кузубин ауылы, анасы Тулбаева Фализе. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977520. Іс: 1229. Парақ: 36].