- Қасымов Ғұмар 1907 ж. Казталов ауд. туған. Қазақ. Сержант. 1943 ж. қазанда хабарсыз кеткен. [«Боздақтар» кітабы, 6- том, 192-бет]. Касимов Гумар Косимович. Туған жылы: 1906. Туған жері: Қазақ КСР. Ұлты: қазақ. Азаматтық мамандығы: агроном. Әскери шені: лейтенант. Соңғы қызмет орны: 70-атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 14.06.1942. Тұтқынға түскен жері: М.Лапово. Лагерь: шталаг 334 Белая Церковь. Лагерьдегі жеке нөмірі: 25949. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 06.03.1943 (цингадан қайтыс болған). Мекенжайы мен туысы: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талап ауылы [РФ ҚМОА Қор: тұтқынға түскен офицерлер картотекасы].