- Сердадалиев Абдир. Туған жылы: 1920. Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Тиленчезай. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Лагерь: Бухенвальд. Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тиленчезай. [РФ ҚМОА Қор: 58. Тізбе: 18003. Іс: 1613. Парақ: 185]. Ескертпе: Сердадалиев Абдирді тұтқында қайтыс болған деп жазған. Ал төмендегі құжатта Сердагалиев Абдырды тұтқыннан босатылып, еліне қайтқан деп жазған.
Сердагалиев Абдыр. Туған жылы: 1918. Туған жері: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Теленчесай ауылы. Ұлты: қазақ. ВКП (б) мүшесі. Әскерге шақырылған жері: 28.06.1940, Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әскери комиссариаты. Әскери шені: лейтенант. Лауазымы: атқыштар взводының командирі. Соңғы қызмет орны: 8-армия, 265-атқыштар дивизиясы, 951-атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 16.09.1942. Тұтқынға түскен жері: Ленинград облысы. 16.09.1942-14.04.1945 жылдар аралығында Ченстохов, Молбери, Германияда тұтқында болған. Шыққан мерзімі: 16.09.1942. (Жауынгерлер тізімінен) шығу себебі: тұтқынға түскен (босатылған). 1945 жылы 27 қыркүйекте Франкфурттан жеткізіліп, 53-запастағы атқыштар дивизиясы, 55-запастағы атқыштар полкінде арнайы тексерістен өткен. 1945 жылы 30 қазанда туған жеріне жолданған. [РФ ҚМОА].
Ескертпе: «Дорога памяти» сайтындағы мәліметке сай Сердагалиев Абдыр 16.09.1942 жылы қайтыс болған.