- Елемесов Шынғали 1912 ж. Тайпақ ауд. туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1942 ж. қарашада тұтқында қаза болған. [«Боздақтар» кітабы, 5-том, 39-бет]. Елимез (Елемес) Шунгали Елимезович. Туған жылы: 1912. Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы №450 Тайпақ ет кеңшары. Ұлты: қазақ. Тұтқынның жеке картотекасында 3х4 суреті жапсырылған. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Соңғы қызмет орны: 12-атқыштар полкі. Тұтқынға түскен мерзімі: 22.08.1941. Тұтқынға түскен жері: Крест. Лагерь: шталаг VI В. Лагерьдегі жеке нөмірі: 187564. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 14.11.1942. Жерленген жері: Альтенграбов. Зират 304. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы №450 Тайпақ ет совхозы, анасы Елемес Уржан. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977521. Іс: 2013. Парақ: 16]