- Идылбаев Казыкам Есиалиевич. Туған жылы: Туған жері: Батыс Қазақстан облысы. Діні: мұсылман. Ұлты: қазақ. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Тұтқынға түскен мерзімі: 13.06.1941. Тұтқынға түскен жері: Ворошиловград. Лагерь: шталаг 301, шталаг
319. Тағдыры: тұтқында қайтыс болған. Қайтыс болған мерзімі: 19.04.1943. Жерленген жері: шталаг 319 Холм/Скерниеце. Мекенжайы мен туысы: Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Куралзай ауылы, әкесі Идылбаев Есингали. [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 977520. Іс: 2857. Парақ: 98].
Идылбаев Казыкамның тұтқынға 13.06.1941 жылы, яғни соғыс басталардан 9 күн бұрын түскені назар аудартады. Бұл дата жаңсақ кеткен қате болуы да, шындық болуы да ықтимал. Кейбір әскери ұрыс қимылдары соғыс басталғанға дейін жүрді. Мысалы, Ілияс Есенберлин 1941 жылы 8 маусым күні, соғыс басталардан14 күн бұрын Псков қаласының түбінде неміс диверсанттарын ұстау операциясына қатысқаны туралы дерек бар. Сондықтан К. Идылбаевтың совет тылындағы неміс қарулы күштерінің қолына түсу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Алдағы уақытта Идылбаев Казыкамның тұтқынға түскен датасына қатысты нақтылау жұмыстарын жүргізу керек болады.