35. Тегі: Иманалиев. Есімі: А. Лагерь: орны ауыстырылған адамдардың 368-інші лагері. Лагерьдегі жеке нөмірі: 328127. Тағдыры: тұтқынға түскен.
РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен «Обд- мемориал» сайты арқылы тапқан [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 18004. Іс: 921] теректілік Әмір Иманалиевтің хаты бізді бейжай қалдырмады. Әмір Иманалиев хатын латын ғарпімен жазған. Хат мәтінін өзгертпей, сол қалпында қағазға түсірдік. Хатта «Жалғызым Әзіпжанға сәлем» депті. Соған қарағанда, Әзіпжан хат жолдаушы Әмірдің баласы болуы керек. Басқалай алып- қосарым жоқ. Кезекті хат мәтініне берейік.
Амандық хат!
Артық көруші қарындасым Салыйқа және Айсұлу, Қансұлу, Гүлжиянға (Құлжиянға), жеңгем Марияға және Мұқайға, басқа сұраған дос-жаранға менен бас-басына арнаулы сәлем. Енді жалғызым Әзіпжанға сәлем.
Ал мен денім сау, басым аман, күйім жақсы жүріп жатырмын. Ал қош болыңыз, көргенше күн есен болсын. Хат жазған Әмір. 30/VI.44.
СССР Зап.Каз.обл. г .Уральск Теректинский р-н. М.с.з ферма
№ 3 Иманалиевой Ш. C.B.ARMY P/W EXAMINER № 368 P.O.W Camp. Alqiers-alqeria от Иманалиева А № 328127