Айтурин Кола. Туған жері: Қазақ КСР, Батыс Қазақстан облысы Каратюшинский (құжатта солай) ауданы «Букуриты» колхозы. Әскерге шақырылған жері: Қазақ КСР, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық әскери комиссариаты. Әскери шені: қызыл әскер. Соңғы қызмет орны: 13-атқыштар дивизиясы, 296-атқыштар полкі. Жауынгерлер қатарынан (тізімінен) шыққан мерзімі: 30.09.1942. Шығу себебі: 13-атқыштар дивизияның әскери трибуналы жоғарғы үкімге кескен (ату жазасы). Мекенжайы мен туысы: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Каратюшинский ауданы «Букуриты» колхозы, әйелі Айтурина Сапия немесе Бапия (құжатта жазу анық емес). [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 818883. Іс: 772. Парақ: 283].