Байгужев Эргали. Туған жері: Қазақ облысы Тайнчаковский ауданы Сангудское ауылы (құжатта солай. Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Сайқұдық ауылы болуы керек). Әскерге шақырылған жері: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Тайпақ аудандық әскери комиссариаты. Әскери шені: қызыл әскер. Соңғы қызмет орны: Оңтүстік-Батыс майдан, 93-атқыштар полкі. Жауынгерлер қатарынан (тізімінен) шыққан мерзімі: 23.05.1942. Шығу себебі: 76- атқыштар дивизиясының әскери трибуналы жоғарғы үкімге кескен (ату жазасы). [РФ ҚМОА. Қор: 58. Тізбе: 818883. Іс: 745. Парақ: 193].