Артығалиев Төлеу Жәнібек ауд. туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1944 ж. қыркүйекте хабарсыз кеткен» [6: 23-б.].
Ескертпе: Артығалиев Төлеу 1944 жылы қыркүйекте хабарсыз кетті деп «Боздақтар» кітабының 6-томында қате мәлімет жазылған. Ол 1942 жылы 23 қарашада Сталинград майданында қаза тапқан. РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен, «Память народа» сайтынан алынған дерекке назар аударайық:
«Артыгалиев Тулей. Туған жылы: 1910. Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық кеңесі. Соңғы қызмет орны: 321-атқыштар дивизиясы, 5-дербес армиялық айыптылар ротасы. Әскери шені: қызыл әскер. Қаза тапқан мерзімі: 23.11.1942. Жерленген жері: Сталинград облысы Клетский ауданы Мело-Меловский поселкесі» [7: 81-б.].