Жақыбалиев Зейін Әжен а. туған. Қазақ. Жауынгер. 1942 ж. қарашада хабарсыз кеткен [6: 340-б.].
Ескертпе: Жақыбалиев Зейінді «Боздақтар» кітабының 6-томында 1942 жылы қарашада хабарсыз кеткен деген. Ол 1942 жылы 24 қарашада Сталинград майданында қаза тапқан. Оған РФ Қорғаныс Министрлігінің Орталық архивінен алынған мына мәлімет жауап береді:
«Джакубалиев Дзейн. Туған жылы: 1906. Әскерге шақырылған жері: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Орда аудандық әскери комиссариаты. Әскери шені: қызыл әскер. Соңғы қызмет орны: 120- атқыштар дивизиясы, 1-айыптылар ротасы. Қаза тапқан мерзімі: 24.11.1942. Жерленген жері: Сталинград облысы Иловлинский ауданы Паньшинский ауылдық кеңесі, Паньшино деревнясындағы бауырластар зираты. Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы №88 кеңшар» [5: 86-б.].