Дүйсенов Медеу 1907 ж. Тұрдығұл ауылдық кеңесінде туған. Қазақ, әскерге Жаңақала аудандық әскери комиссариаты арқылы 1942 ж. қаңтарда шақырылды. Қатардағы жауынгер. 1942 ж. қазанда хабарсыз кетті [8: 209-б.]. «Боздақтар», 3-том.
«Дюсенов Меду. Туған жылы: 1903. Әскерге шақырылған жері: Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық әскери комиссариаты. Әскери шені: қызыл әскер. Соңғы қызмет орны: 120- атқыштар дивизиясы, 6-айыптылар ротасы. Қаза тапқан мерзімі: 25.11.1942. Жерленген жері: Сталинград облысы Иловлинский ауданы Паньшинский ауылдық кеңесі, Паньшино деревнясындағы бауырластар зираты. Мекенжайы: Орал облысы Жаңақала ауданы
№8 ауыл» [5: 89-б.].