Жақында Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтынан «Қазақхалқының рухани құндылықтары: киелі жерлердің дәстүрлі мәдениетті сақтаудағы орны мен маңызы» атты ғылыми-қолданбалы жобасын атқару мақсатында мәліметтерді анықтап, қажетті құжаттар жинау үшін арнайы экспедиция Батыс Қазақстан облысына келді.
Жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Құрбанұлы Муминов, құрамында аға ғылыми қызметкерлер, тарих ғылымдарының кандидаттары – Айтжан Шаймерденқызы Нұрманова және Дина Есіркепқызы Медерова. Өңірімізге арналған он күндік іссапардың алғашқы екі күнін ғалымдармен бірге өткізіп, тарихы бай өлкеміздің жаңа қырын танып, ашылған жаңалықтардың куәсі болдық. Ата-бабамыздың терең діни сауаттылығы, білімділігі мен біліктілігіне қайран болып, кең байтақ жеріміз тек білектің күшін емес, терең білім мен оң тәрбиенің арқасында сақтағанына тағы бір көз жеткіздік. Жаңадан ашылған жаңалықтар тек біздің өңіріміз үшін емес, жалпы Қазақ елі, әлем тарихы үшін маңызды екенін айтады ғалымдар. Бабаларымыздың жолы еліміздің ұлттық идеологиясына негіз, тірек болатындығына сеніміміз бекіп, сапардан тек осыны уақытымен ел игілігіне пайдалансақ деген оймен оралдық.
Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын көзі қарақты оқырмандарға тарихымызға қатысты ашылған тың деректермен бөлісіп, екі күннің ішінде жылға татырлық атқарылған істердің бір сыпырасын баяндауды жөн санадым.
Ғалымдар мен өлкетанушылардың басқосуы
Жақында «Құлпытас сырын ашайық» атты жобаның таныстырылымын жасап, ісіміздің тырнақалды нәтижесін жария еттік. Бұл жоба бойынша болашақта атқарар істің көлемін теңіздей деп алсақ, атқарылғаны тек тамшыдай ғана. «Тамшыдай іс» деп отырғанымыз, Ақжайық, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағындағы араб әліпбиімен жазылған елу құлпытасты кириллицаға аударып, ол тұлғалар туралы тереңірек мәлімет беретін 85 беттік А4 пішіндегі жинақ.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, жинағымызды халыққа жария етіп, болашақта атқарар істерімізбен бөліспек болған шарамыздың дәл үстіне Алматыдан арнайы экспедициямен жоғарыда айтылған ғалымдар келе қалды. Топ жетекшісі, иституттың Таяу және Орта Шығыс елдері бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Муминов атқарған ісімізге қатысты: «Париж қаласында мұсылман елдерінің араб қарпімен жазылған графикалық ескерткіштерінің хронологиялық он сегіз томдығы басылып жатыр, бірақ мына жинақтағы жазбалардың бірі де енген жоқ. Егер бұл ағылшын тіліне аударылса, әлем ғалымдары назар аударады» - дей келе, «Бұл – әлемдік ғылымға қосылған үлес, әлемдік деңгейдегі ғылыми басылым» деп бағалап, бізді бір марқайтып тастады. Бағытымыз дұрыс екендігіне тағы бір көз жеткізіп, аса жауапкершілікпен одан әрі жалғастыруға бел будық.
Ғалымдарымыздың келу мақсаты– Қазақстанның киелі орындарының тарихы мен қазіргі жағдайын және оларға байланысты киелі әлемді жүйелі және кешенді түрде зерттеу. Сапар барысында киелі орындарды аралап, қажетті мәліметтерді жинақтауды жоспарлаған, атап айтқанда: киелі орынның атауын және орналасқан жерін белгілеу (аталу варианттары, тарихи атауы, қазіргі заманғы аталуы); киелі ескерткішті сипаттау (мазар, құлпытас, мейманхана, мешіт, үңгір, бұлақ т.б.), көлемі; құлпытас жазуларын оқу, суретке түсіріп алу; Киелі орынға байланысты аңыз, әңгімелерді жазып алу. Бұның бәрі біздің жұмыстарымызбен мазмұндас әрі мақсаттарымыз ұштасып жатқандықтан, жол жүру маршрутын бірлесе ақылдасып, бағыт-бағдар беретін болдық. «Құлпытас сырын ашайық» жинағының негізгі ауыр жүгін арқалаған журналист, өңірімізге белгілі өлкетанушы Қазбек Құттымұратұлы жол бастайтын болды. Жүрер жолдың бағытын келісіп, жинақтың таныстырылымынан кейін жолға шығуға уағдаластық.
Мәулімберді қорымы
Келісім бойынша түс ауа жолғашықтық. Кешкісін Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылының батыс бетінде 18 шақырым қашықтықта орналасқан Мәулімберді қауымына бас тіредік. Жинаққа енген елу құлпытасты араб әліпбиінен аударғанда шемекіше шаққан Қазбек Құттымұратұлы осы қорымда пішіні ерекше, басқа жерлерде көп кездеспейтін құлпытастар бар, жазуына тісім батпайды деп әкелген еді. Ғалымдар іске кірісті. Пішінін жан-жақты өлшеді, белдеулік өлшемдерін айқындап, аударуға кірісіп кетті. Шынымен, құлпытастың пішіні ерекше,біздің өңірімізде көп кездеспейді, тіктөртбұрыш тәрізді екен. Ауылына бас тіреп келген қонақтарды құшақ жая қарсы алған, өлке тарихы десе, ішкен асын жерге қоятын Базартөбенің әкімі Амантай Сәлімов ағамыз қорымның қасындағы Мәулімберді мешітінің орнын көрсетіп, бұл қорымда Тана руының Қалқаман тайпасынан тараған ұрпақтардың жерленгендігін айтты. Көп кешікпей-ақ құлып ашылып, Әшірбек аға мәтінді оқи бастады. Біз оқығанына таңғалсақ, ғалымдар бұл жерде жатқан тұлғаның деңгейіне таңдай қағып, оқуын жалғады. Бірінші арабша оқып, сол сәтте-ақ қазақшаға аударып шықты:«Мәулімбердінің ұлы Хаж Алидің көмілген жері, қабыры. Екінші қатарда әкесі Мәулімбердінің ғылыми дәрежесі айтылған. Өте жоғары білімді, ғалым, өте терең білім алып, кітап жазған екен. Ұлы Хаж Али 1286 жыл хиджра жыл санауы бойынша туған. Оның ғылым алған ұстазы Мұхаммад Али Қарғали, ол оның шәкірті деп айтылған. Және осы Хаж Алидің мықты күшті имам болғанын, өзінің заманында жеке оған тең келетін ғалым болмағанын айтады. Мына қатарда оның қайтыс болған жылы 1336 жылы хиджра, оны христиан эрасына өткізіп, 1919 жыл қайтыс болғаны жазылған, оның солтүстік жанында інісі Абдурахим жерленген. Ол да осы жылы қайтыс болған. Оның жасы 44-те болған екен». Оқып болған соң таңданысын жасырмаған Әшірбек аға: «Бұл ХХ ғасырдың басында қойылған тас екен. Ол толығымен араб тілінде жазылған. Каллиграфиялық почеркі өте әдемі және қатесіз жазылған. Араб тілін өте жоғары деңгейде білген адам жазғаны, сонымен қатар эпиграфиялық мәтінін жазып берген адамның да білімді болғаны байқалады» деп ойымен бөлісті. Содан соң құлпытасқа жазылған тұлға туралы тәтпіштеп түсіндірді: «Бұл - Мәулімбердіұлы Хаж Али (Қажығали) деген ғұлама, ғалымның қабырына қойылған құлпытас. 1286-1336 жылдары өмір сүрген. Қазіргі жыл санауымызға ауыстырсақ, 1869-1919 жылдар. Сонда 50 жасында қайтыс болған. Інісі Абдурахим 44 жасында қайтыс болған. Меніңше, өте жас. Зұлымдықпен өлтірілген болуы мүмкін, себебі ол кез нағыз аумалы төкпелі заман ғой. Осы бір құлпытастың өзі кең мағлұмат беріп тұр. Хаж Али – осы жерде медреседе сабақ берген дамолла, қазіргі аға мудалист, аға оқытушы дегенге келеді. Оның әкесі Мәулімберді шәйх – үлкен ғұлама болған. «Шәйх»- заманында білімділердің ішіндегі ең басты білімдісі. Сонымен Хаж Али өз заманының алдыңғы қатарлы, білім адамы болып, өзінің білімімен атын шығарған». Осылайша бір құлпытастан тарихымызға қатысты өте көп мәлімет алдық. Бұрын құлпытаста қайтыс болған адамның аты-жөні, шыққан тегі, туған және қайтыс болған жылдары, тас қойған адамдар туралы ақпарат, ру таңбасы болады деп есептеуші едім. Хаж Алидің құлпытасы оқылғаннан кейін еліміздің тарихы үшін құлпытастың маңыздылығы тіптен жоғары екендігін түсіндім. Түсінген адамға бұл тасқа қашалып жазылған шынайы тарихымыздың жазбаша түрі.
Ғалымдардың барында ыждағаттап араб тілінде, араб әліпбиімен жазылған басқа да құлпытастарды оқытып алуға тырыстық. Келесі оқыған құлпытас Хаж Алидің маңындағы жерде құлап жатқан құлпытас болды. Жартылай сынып, айналасы оқылмағанымен дәл үстіңгі бетінде былай делінген: «Ғылым шәкірті, молла Ниғматолла Мәулімберді хазірет ұлының қабыры. Ол қайтыс болды 1325 жылы Пайғамбар хижрасымен...».
Келесі тігінен тұрған құлпытас бірнеше адамға қойылған болды. Алдыңғы бетінде былай жазылған:«Мынау Байшеркештің қабыры, қажы, екі киелі қала – Мекке мен Мәдинаға барып келді, ол жетпіс жаста еді, өзінің ұрпақтарымен, олардың ішінде Тухфатулла студент, 25 жасында қайтыс болды, Абдужаппар (келесі сөз оқылмады), бұлар Байшеркештің балалары». Оң жағында: «Зейнеп Рахимқызы (келіні болуы мүмкін), Мәулімберді Байшеркешұлы». Сол жағында: «Жани Мухаммед оның екі баласы, молла Мәулімберді 80 жасында қайтыс болды». Бұл бір әулеттің бірнеше адамына, әкесі, баласы, немерелері, келініне қойылған тас болды.
Біз қорымды аралап жүргенде, Айтжан Шаймерденқызы Хаж Алидің құлпытасының дәл қасындағы тік төртбұрышты құлпытастың дұрыс оқылмайтын жерлеріне бор жағып, толық оқитындай етіп дайындап қойған. Ғалымдар бірлесіп бұл құлпытасты да толық оқыды. Онда былай делінген: «Абдулкарим Шерәліұлы, шыққан жері Балаклава, туылған жылы 1877, қайтыс болған жылы1924, 3 хут күнінде делінген. Ол үлкен ғалым болды. Сыртқы (заһири) және ішкі (батини) ілімдерді терең игерген. Сыртқы ғылымдарды Қарғалидан оқыды және ішкі ғылымдарды Бұхарағұламаларынан оқыды. Өзінің осы екі салада өте кемелетке ие болды дейді. Өзінің уақытындағы жалғыз ғұламасы. Бұның ілімінен көптеген шәкірттер пайда көрді. Оның өмірі қайтыс болған кезеңінде 47 жаста еді. Құдай оны өз рахыметіне алсын. Мынау тасты қойған шәкірті АбдулкаримБериши» делінген (Абдулкаримге қойылған құлпытастың суреті 1-бетте).
Мәулімберді қорымында шамамен алпыс бес құлпытас бар. Оның он шақтысы кириллицамен жазылған кейінгі зираттар. Қалғандары араб әліпбиімен жазылған құлпытас. Олардың бір бөлігі араб әрпімен араб тілінде жазылса, қалғаны қазақ тілінде араб әліпбиімен жазылған. Осы сапар барысында араб тіліндегі төрт құлпытас оқылды. Осыдан-ақ тек осы бір қорым бойынша әлі қанша жұмыс атқару керек екендігі айтпаса да түсінікті.Екі сағаттай жұмыс істеп, қорымды шолып шыққан ғалым Әшірбек Муминов: «Бұл жерде 3-4 ғұламаның қабыр тасын көріп отырмыз. Біріншісі, ең үлкен ғалым Шейх Мәулімберді. Ол осы жердің әулиесі болып есептеледі, ол әулие болып қоймай, ол үлкен ғалым екенін көріп отырмыз, әкесі Байшеркеш бірнеше рет қажыға барған діни адам. Сонымен қатар Мәулімбердінің ұлы Хаж Алиде үлкен ғалым болған және ол Қарғалы деген жерден білім алған. Тек осы мәліметтердің өзі үлкен жаңалық. Егер қалған құлпытастар оқылса, ел және әлем тарихы үшін өлшеусіз іс болар еді» деп ойын түйді.
Бөкейді хан қоюға қолдаған Итемген
Осылайша алғашқы күніміз өте сәтті болғанына қуанып, Базартөбеге үлкен олжамен оралдық. Ертеңіне сапарымызды жалғастырдық. Алғаш бас тірегеніміз Ақжайық ауданына қарасты Базартөбе және Базаршолан ауылдарының түйісер шекарасында орналасқан Тайқожа қорымы болды. Шамамен он шақты құлпытас бар. Екі шошақ моланың төбелері толық, қабырғалары жартылай құлаған. Қалған құлпытастардың қасындағы обаларға қарап, олардың бәріне де шошақ мола тұрғызылғаны байқалады. Уақыт тығыз болғандықтан, құлпытастардың өлшемін алып, суретке түсіріп, артынан асықпай компьютерден оқитын болды. Аз уақыттың ішінде Әшірбек Құрманұлы мен Қазбек Құттымұратұлы бір құлпытасты оқыды. Онда былай жазылған: Тана руы, Асан тайпасының Жанмырза Тілеуұлының баласыИтемген бай офат болды 93 жасында 1836 рамазан айында». Итемген –тарихта белгілі тұлға. Халық аузында
«Есенгелді бай» атымен қалған, шын мәнінде тек бай емес, старшын болған, тархан дәрежесіндегі ел басқарған, хан именіп, санасқан ірі тұлғалардың бірі Есенгелді Жанмырзаұлының туған інісі.1811 жылы 17 қыркүйегінде Кіші жүздің Байұлы тармағының бас адамдары Орынбор әскери губернаторына Жан- төре хан Айшуақұлының орнына Бөкей Нұралыұлын бекітуді ұсынған хат жолдаған (Dana.kaz журанлы,№2-3 (13), 2014 жыл, 48-51 беттер). Осы хатқа қолын қойып, мөрін басқандардың ішінде осы құлпытаста көрсетілген Итемген Жанмырзаұлы да бар. Осыдан-ақ бұл тұлғаның қазақ тарихында орны бар, ірі тұлғалардың бірі болғандығын аңғаруға болады.
Орындалған арман
Көп кідірмей сапарымызды жалғастырдық. Баянтөбе ауылының маңындағы қара жолдың жанындағы ескі қорымға тоқтадық. Орта шамасында басына ақ мата байланған бір сырық алыстан байқалады. Құлпытасы сақталмағанымен ұрпақтары: «Руы Алаша, Күбілей тайпасы, Толыбай бөлімі, аруақты атамыз Дос баласы Құлманға ескерткіш шөберелерінен. Ғизат» деп жазып қойған. Қорымда шамамен он шақты құлпытас бар. Дені Алаша руының Тоқпас бөліміне қойылған екен. Ғалымдар санамалап, өлшемдерін алғанша Әшірбек Мүминов пен Қазбек Құттымұратұлы осы қорымдағы бір құлпытастың кілтін ашты. Оның алдыңғы бетінде «Алаша руы, Тоқпас тайпасы, Наруча Жарқынбайұлы офат72 жасында 1879 санада 16 жәдіде дафнуланды» делінсе, жанында: «және халалы Тыныштық Шыниярқызы, бұл тасты алып қойды. Онша мырза» деп жазылған. Ғалымдардың жұмысы бітісімен әрі қарай жүрдік.
Базаршолан ауылында Самат Бақтияров деген азаматтың үйіне бас тіредік. Ол ауылдың іргесіндегі ескі құлпытасы мен қазіргі зираттар аралас қорымға алып келді. Жергілікті адамдар осындағы көне құлпытасты әулиенің жатқан жері санап, басына ақ мата байлаған екен. Кейде сырқаттанған адамдар келіп түнейтін көрінеді. Самат ағамыздың айтуынша, бұл жерде оның арғы аталарының бірі жатыр. Көзі тірісінде әкесі Ғазиз құлпытастағы жазуды оқыту үшін талай адамды әкеліпті. Бірақ ешбірінің сауаты жетпей, Ғазиз ақсақал ақырыбұл қабірде нақты кім жатқанын біле алмайдүниеденөткен. Айтжан Шаймерденқызы мен Дина Есіркепқызы құлпытастарды санамалап, өлшемін алуға кіріскенде, Әшірбек пен Қазбек ағаларымыз осы күнге дейін ешкімнің қауқары жетпеген құлпытасты оқып берді. Онда: «Алаша руы, Барамық тайпасы, Тоқпас бөлімі, Көккөз баласы Саудабай офат 77 жасында. Жаздырды балалары Тіләс, Булас, Қарубай, Наурызбай, Құрман, Тұрым- тай мырзалар. 1849 санада» деп жазылған. Дәл қасындағы құлпытас Саудабайдың әйеліне қойылған екен. Ол құлпытаста: «Алаша руының Тоқпас тайпасының Көккөзұғлы Саудабай халалы Ақбану Барлыбайқызы офат45 жасында 1864 санада жәди жұл- дызында, бұны қойды ұлы Қарубай мырза». Осылайша әке арманының орындалғанына куә болған Самат Ға- зизұлының қуанышына құтты болсын айттық.
Өлім шәрбатын ішкен Есім хан
Базаршолан ауылынан үш ша- қырымдай қашықтықтағы Ескі Есім ауылының маңындағы қорымға қа- рай жүріп кеттік. «Құлпытас сырын ашайық» жинағына 1794-1797 жылдары Кіші жүздің ханы болған Есім Нұралыұлыныңосықорымдағықұлпытасы енгізілген болатын. Бірақ араб-шағатай тілдерінде жазылған құлпытас мәтіні толық оқылмаған еді. Сондықтан осы жерге Алматыдан келген ғалымдарды әкелдік. Әдеттегідей Айтжан мен Дина апаларымыз өз істеріне кірісті. Араб, түркі, шағатай тілдерінде аралас жазылған Есім ханның құлпы- тасындағы жазуды Әшірбек аға еш іркіліссіз қазақшаға бірден аударып оқыды. Онда: «Ол тірі, ешқашан өлмейді (Аллаға айтылған – Ә.М.), бұл кешірілген адамның қабыры. Жеңістер иесі, Құдай қолдауының иесі, мырза, бахадүр, Ешали хан Нұралыұлы, марқұм Әбілқайырдың ұлы бұл дүниеден өтті. 1211 жылда 53 жасында. Тасты орнатқан ұлы Қайып али сұлтан», әрі қарай өлеңдетіліп жазылған, тікелей аудармасы: «Кіші жүздің бір адамы зорлық жасап өлтірді. Өлімнің шәрбәтін ішіп, рухы шықты. Ол жәннатта хош сезініп отыр. Егер бұны бір мұсылман оқып көрсе, білген жақсы құран аятын оқып, дұға құлсын». Соңында төре таңбасы.
Мәтенқожа әулие басында Түс қайта Базаршолан ауылынан жүз шақырым жерде, Атырау об- лысының аумағында орналасқан,жаны мен тәніне шипа іздеген адамдар барып түнейтін, бүгінде басына кесене тұрғызылып, түнек салдырылған, халық «Мәтен қожа әулие» атап кеткен тұлғаның басына баруға жол тарттық. Күн ыстық, далалық қара жол. Тіршіліктің нышаны байқалмайды. Не адам, не мал көрінбейді, тіпті ұшқан құс та байқалмайды. Тек 10-15 шақырым сайын жол жанынан бұрын қыз- қыз қайнаған тіршіліктің куәсіндей ескі қорымдардағы самсаған құл- пытас ғана көзге шалынады. Ар- найы әулиенің басына баруды жос- парлағандықтан және уақыттың тығыздығынан бұлардың біріне тоқ- тамастан тарта бердік. Екі сағаттай жол жүргеннен кейін әулиенің басына жеттік. Осы жерде он бір жылдан бері шырақшы болып отырған Нияз қожа бізді жылы шыраймен қарсы алды. Баршамыздың сауалымызға аса сабырлықпен жауап берген шырақшы әулие атаның басына апарды. Шағын тұрғызылған кесенеге сақталған құлпытасы нықтап орнатылыпты. Ерекшелігі, құлпытастың бетіне әдейі қара май жа- ғылғандай. Бірақ қолға жұқпайды. Келген адамдар әулиеге дұға еткеннен кейін құлпытастың бетін сипап, содан соң өзінің бетін сипайды екен. Осы жолы құлпытастың кілтін ашуға Әшірбек Муминов, Айтжан Нұрманова және Қазбек Қабжанов үшеуі бірлесе кірісті. Құлпытас бұрын қақ ортасынан сынып түсіп, орнына қайта қойылғандай. Осы қиылысқан екі арасын бірлестіріп оқуда едәуір әуреге салды. Бір сағаттай уақыттан кейін құлпытастың бергі беті толық оқылды. Онда: «Байұлы ішінде Қожа Мәтен ибн Қожа Төлек бұл фәни дүниеде 63 жас сүріп ғайыпта аллах бір худа илла1802 иылда офат болып бұл махама дәфінулунды. Өзінің тірі күнінде және.....офатында соңғы кезі кірәддин бір түрлі май тәнге кірген бір ауруға шифа қазірде мәужіт. Бұны қойды немересі Айнақожа Қылышқожаұғлы». Соңын- да қожалардың таңбасы салынған. Тарихшылардың біздің өңірге кел- геніне қалай қуансақ, Мәтен қожа әулиенің басында он екі жылдан бергі шырақшы бізден бетер қуан- ды. Себебі осы он екі жылдың ішінде талайлар келіп, құлыпты ашуға тырысқанымен, тап бүгінгі- дей толық ешкім аша алмапты. Қуанған шырақшы ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Бұл қорымда да көне құлпытас көп екен. Мүмкіндігінше суретке түсіріп, өлшемін алғаннан кейін, қайтар жолдағы елсіз жердеқараңғыда қалсақ, адасармыз деген оймен күн батпай тұрғанда кейін жолға шықтық.
Осылайша екі күндік сапарымыз аяқталды. Тарихымыздың ішінеөңірі, ал осы батыстың ішінде – БатысҚазақстан облысы алға шығатынынабүккен сырларын ашып, болашақтамаңыздыларын ел қажеттілігіне жарату үшін Қазбек Құттымұратұлы бастап Алматыдан келген ғалымдар әрі қарай өлкемізді аралап жол жүріп кетті. Тек екі күннің ішінде осыншалықты тың деректерге қол жеткізген ғалымдардың қалған сегіз күні де өте өнімді болғанын білдік.
Білімді, білікті, адамгершілігі мол иманды ғалымдардың аса ыждағат- тылықпен, жүйелі жұмыс жасағаны- на риза болдық. Қасында жүріп барымызды бағаламай, құрметте- мей, тарихымызды білмек түгілі, дым түсінбей, бейшара өмір кешіп жатқанымыз жанға батты.
Қазақстанның барлық өңірін ара- лаған ғалымдар «Құлпытас саны жағы- нан Қазақстан бойынша еліміздің батысөңірі, ал осы батыстың ішінде – БатысҚазақстан облысы алға шығатынынаанық көз жеткіздік» - дейді. Осыдан-ақ болашақта атқарар ісіміздің көлемі түсінікті. Алматыдан, Астанадан ғалымдар біздің облысымызға қанша келіп зерттеу жұмыстарын жүргізсе де, түгел қамтып, толық зерттей алмайтыны анық екен. Тек жергілікті тарихшылар, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері бас қосып, билік қолдап, тізе қосып жұмыстанса ғана нәтижеге қол жеткізе аламыз.
«Сан болса, сапа болады» дейді, оған қоса жеті аталық қағиданы қатаң сақтаған текті ата-бабаларымыздан ұрпағының алары мол. Тек уақытында қамданса болғаны. Әйтпесе, әдеттегідей «әй-қап» деп санымыздысоғып, қолымызды кеш сермеп қалуымыз мүмкін.