Іздеу

Анкета 1

Ұсынушының толық аты-жөні: Гулнур Исмагулова
Мекенжайы: -
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: шөбере
Деректер кім арқылы жетті: Әжемнің айтуынша
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Әжемнің айтуынша біздің де арғы атамыз Төлепберген бай кісі болыпты, тәркілеу кезеңінде Солелецк жағына қашқан дид, әжем өте кішкентайынан жетім қалғандықтан есінде көп ештеңе қалмаған, кейін есейгенде сананы тұрмыс билеген дегендей, енді сол Төлепберген атамыздың сүйегі қайда қалғанын да білмейміз, сіздерден бір ілік тапсық жақсы болар еді!

Ұсынушының толық аты-жөні: Нұржан Дүзбатыр
Мекенжайы: БҚО, Бәйтерек ауданы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Бәйтерек ауданының Январцев, Рубежин, Чеботарев, Чувашин, Красноармейский ауылдарында тұратын қазақтардың дені кәмпеске кезінде елден Ресейге шығып кеткен, кейін 1932-1938 жылдар аралығында қайта келіп, сол ауылдарда тұрақтаған Қаратөбе, Тайпақ, Жымпитының қазақтары. Жойылып кеткен ауыл маңындағы қорымдарда негізінен осы үш ауданда көп шоғырланған рулардың ұрпақтары жерленген. Ол адамдардың қолында ескі Құран кітаптары бар. Бір өкініштісі, мен тілдескен адамдардың көбі ата-бабасы туған топыраққа барып, елді көздерімен көрмеген. Десе де, Қаратөбе, Жымпиты, Тайпақтың жер-су атауларын саналарына мықтап сіңірген. Ана тіліне шорқақтап қалса да туған жердің әр төбесін, елге белгілі әулеттерді жақсы біледі. Тағы бір ескеретін дүние, олар (Ресейден ертеде қоныс аударған отбасылар) әлі күнге өзара байланыстарын сақтап, араларынан белсенділерін Лидер санайды. Осы жылдың қаңтарында ғана осындай ең беделді, 102 жас жасаған Байторы руының қызы, жымпитылық Келбатыр бидің келіні Дариға әже мен тағы бір Қалдығайты Төлендік Байторы руынан 1930 жылғы Рахметолла Жүнісов бақилық болып кетті. Ұрпақтары бар. Енді үлкендерден Трекин ауылында Бақи есімді жасы 83- ке қараған ата бар. Ол кісі де біраз ескі әңгімені біледі. Естіген әңгімелерді қайта жаңғыртып, материалдарын жеткіземін

Ұсынушының толық аты-жөні: Курумбаев Айбулат
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: "Гурьевский округ 1. Абаканов Х., Новобогат 2. Абенов Алдаонгар, Кызылкога 3. Адаев Сабит, Кызылкога 4. Айтжигитов Аманша, Доссор, 7 аул 5. Алдабергенов Токеш, Кызыкога 6. Алиев Отегали (Отепгали), Тениз 7. Алжанов Ибрагим, Есбол 8. Арыстангалиев, Новобогат 9. Байетов Байжан, Доссор, 7 аул 10. Байетов Ермагнбет, Доссор 11. Байбатыров Султан, Кызылкога, 8 аул 12. Банатов Айткали, Кызылкога 13. Байтиленов Амиржан Едилбайулы, Тениз, аул Бадахан 14. Бигалиев Сералы, Жаманкала 15. Бегалиев, Есбол 16. Бекенов А, Новобогат 17. Бекмурзин Казыбек, Доссор 18. Бектилеуов, Жаманкала 19. Бисалиев Арыстангали, Новобогат 20. Болекбаев Бисенгали, Доссор, аул 7 21. Даубатыров Шамиш, Тениз 22. Емесинов Ишитар, Кызылкога 23. Жаксыбаев Жаксыгали, Доссор 24. Жанаесов Избасар, Кызылкога 25. Жанаесов, Кызылкога 26. Жанкожин Жумагали, Новобогат 27. Жанысенов К., Новобогат 28. Жармагамбетов Ергали, Новобогат 29. Жарылкасымов Б.,Кызылкога 30. Жубаниязов Кану, Доссор 31. Жолдасов, Кызыкога 32. Жумабаев Тузелбай, Кызылкога 33. Дуйсалиев Божебай, Кызылкога 34. Дуйсалиев Урыбасар, Кызылкога 35. Дуйсенгалиев Саки, Кызылкога 36. Еленбаев Габбас (Елеубаев Габбас), Кызылкога 37. Есболганов Бесимбай, Кызылкога 38. Есенгарин, Кызылкога 39. Жаксыбаев Жексенгали, Доссор, 8 аул 40. Ибрашев Калмукаш, Есбол, 10 аул 41. Игиликов Айтжан, Кызылкога 42. Елеубаев Бабас, Кызылкога 43. Ержанов Халыкберген, Доссор, 15 аул 44. Смагулов Смадияр, Новобогат 45. Есулаев Саки, Кызылкога 46. Каракулов Шокан, Доссор, 7 аул 47. Кемесаев Байтилеу, Кызылкога 48. Кисыков Жумагали, Кызылкога 49. Кишиков Жумагали, Кызыкога 50. Кожагулов Аманбай, Доссор 51. Кожагулов Жаман, Доссор 52. Кожаров Абдулла, Есбол 53. Колбасов Каракожа, Кызылкога 54. Курманбаев Кайырлы, Тениз 55. Курмангалиев К., Тениз 56. Кусалиев Н., Есбол 57. Лукпанов А., Кызылкога 58. Майранов Б., Новобогат 59. Макажанов Т., Кызылкога 60. Маматалиев, Жаманкала 61. Мамеков Кажыгали, Новобогат 62. Мамышев (Маймышев) Майкы, Есбол 63. Медетов Бабас, Кызылкога 64. Медетов Тилеген, Кызылкога 65. Мендалиев Демеу, Кызылкога 66. Мырзагалиев Жаксыгали, Кызылкога, 17 аул 67. Мамеков К., Новобогат 68. Нуржанова Сарыпжан, Доссор 69. Нурманов Касан, Кызылкога 70. Омаров Майран, Новобогат 71. Саденов Сагат, Кызылкога 72. Салаев (Салиев) Жумагали, Тениз, Батырхан ауылы 73. Сармухамедов, Жаманкала 74. Сейтеков Шарип, Кызылкога 75. Сералиев, Жаманкала 76. Тонашев Кусайын, Тениз 77. Тонашев Отегали, Тениз 78. Тинатов А. Кызылкога 79. Омаков Мейрам, Новобогат 80. Умбеталиев Жаксыгали, Доссор 81. Хамитуллин, Новобогат 82. Шетиков, Жаманкала 83. Шакаев Кали, Новобогат 84. Шулаев Сакып, Кызылкога 85. Жулдызов Жумакул, Кызылкога #ФСНИ #нпо #Уральскконфискация кезінде жарияланған едік ..."

Ұсынушының толық аты-жөні: Svetlana Bakhisheva
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Атамдар ертерек кошкен ауылымен, бiлуiмше 1928-29 дарда, сол конфискациядан малымен бессарыларымен кошкен гой

Ұсынушының толық аты-жөні: Tlegen Zharmukhanou
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: аталас туыс
Деректер кім арқылы жетті: -
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Менің аталас туыстарым конфиска болып Шымкентке жер аударылған. Шамұрат,Сейтім екі ағайынды, олар молда болып бала оқытқан. Қазір ұрпақтары бар. Шамыраттың Шымкентке жер аударылғанда тоқалымен кеткен. Ауылдағы бәйбішесі шалыма барам деп жылай бергесін атам түйемен бір ай жүріп апарып тастаған. Ол жақ өте ыстық екен деп айтып келіпті. Руымыз бессары тана Ислам КZ деген сайттан бір дерек оқып едім,Жәңгір ханның бұйрығымен Төребай ұлы Отызбай молда болып бала оқытсын деп жарлық шығарғанын. Соңынан сол сайтты табалма қалдым. Олар маған төртінші атадан қосылады. Ұрпақтары осында Оралда тұрады,олар бірақ көп ештеңе білмейді. Шамырат сол Шымкент жақта қалған,Сейтім елге келіп аштан өлген. Ақыр бай аштан өледі дейді ғой қазақ. Жаңақала ауданы,қазіргі Жаңаталап совхозының жерінде ата қонысымыз. Бессарылар негізінен Жаңақала,Орда аудандарында қоныстанған,кейін 1951 жылы полигон құрылғанда облыстың басқа аудандарына көшірілген.

Ұсынушының толық аты-жөні: Мұнайдар Балмолда
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: Жаңақалада Арыстанғали Қойысов деген ақсақалдан естіп едім
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Жаңақалада Арыстанғали Қойысов деген ақсақалдан естіп едім, Қырқопа (Кармановка) ауылына барар жолда шағын көпір бар. Сол тұсқа аштық жылдары көп адамды, бала-шағаны жерлепті. Алайда ол ара судың бірде тасып, бірде басылып тұратын өзек болғандықтан, сүйектерді су шайып әкеткен болар деп айтқан. Ал жалпы сол тұс аштық жылдары өлгендер жерленген жер екен.

Ұсынушының толық аты-жөні: Ахмедияр Батырханов
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: -
Деректер кім арқылы жетті: Ғұбайдолла ағамыз айтқан
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары РФ Волгоград облысы Николаев және Палласов аудандарына Жәнібек пен Орда аудандарынан қоныс аударғандар көп. Ал Саратов облысының Озинки,Дергачи, Новоузен, Александров-Гай (Алғай) аудандарында біздің облыстың Жаңақала, Жәнібек, Казталов және бұрынғы Фурманов аудандарынан көшкендердің ұрпақтары тұрады. Сонымен қоса Ростов облысында жерлестеріміз біраз бар. Ғұбайдолла ағамыз айтқан Айдарлы және Тәшпек жер атаулары Жәнібек ауданының Борсы ауылында әлі солай аталады. Мәселен, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылынан 1928 жылы үдіре көшіп,Украин елінен пана тапқан Баянбай байдың ұрпақтары қазір Волгоград облысының Палласов ауданында тұрады.

Ұсынушының толық аты-жөні: Нурлан Рахымжанов
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: ---
Деректер кім арқылы жетті: ---
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: САРЫТАУ ОБЛЫСЫ бойынша қазақтар дың 90%пайызы 28-32 жылдары ішкі ордадан кеткендер шығар

Ұсынушының толық аты-жөні: Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы
Мекенжайы: Сырым ауданы Жетікөл ауылы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Белнемере ағайын
Деректер кім арқылы жетті: Әкемнен, ағайындардан
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Мәкәрім1875 ,Әтиғолла 1881,Досжан 1870шамамен Дәулеталиевтер үшеуіде бай болған ,басқада ағайындар бар ол кісілер оқыған ,мешіт ұстаған молда болған ,Әтиғолла мен Мәкәрімді мал мүлкін тәркілеп ,содан олар Орынбор ,Самара жағына қашып бара жатқанда Әтиғолланы өлтірген деген әңгіме бар ,бірақ анық емес.Мәкәрімді соттап жер аударған ,Отан соғысында штрафбатта соғысқан деген дерек бар ,ұрпақтары орынбор қаласында қалған.Досжан туралы дерек аз.Досжан менің арғв атам.баласы Рамазан атам соғыста жоқ болып кеткен, ағайындардан әкем жалғыз қалған елде

Ұсынушының толық аты-жөні: Шәненов Келтір
Мекенжайы: Атырау қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: күйеу
Деректер кім арқылы жетті: ауызша айтылған әңгімелер және кітаптан оқыған шағын жазбалар бойынша
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Олжашы жеменей ұрпақтары Сағызбайұлы Түйекен, Сағызбайұлы Әлі (Әли)- түйелі бай болған әулет. Ешқандай қарсылық жасамаған, малдарын тәркілеп, өздерін бай болғандары үшін түрмеге қамаған. Тағдырлары белгісіз, Қызыл үкімет жендеттері түрмеде өлтірген болар деп жобалаймыз.

Ұсынушының толық аты-жөні: Дошанұлы Рысқазы
Мекенжайы: Байтерек ауданы, Богатск ауылы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Немере
Деректер кім арқылы жетті: Әжеміз Тәнзила, әкем Ұзақбай
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Әжемнің айтуы: Рысқазы атам- руы Ысық, Жаңақала ауданынан 1928-1929 жылдары конфискация ұшыраған, Красноярск жақта лагерде болып келген. Келгеннен кейін Богатск ауылында надзорда болған. 1967 жылы қайтыс болды. Сол ауылда жерленген. Арабша сауатты болған.

Ұсынушының толық аты-жөні: Есбек Болат Тастанұлы
Мекенжайы: БҚО, Байтерек ауданы, Асан ауылы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Немересі
Деректер кім арқылы жетті: Менің атам Есібек, әкесі Өтебай 1930 жылдары бай есебінде мүлкі тәркіленіп, жер аударылға немесе сотталған. Айдауға кетіп бара жатқан жерінен Тасқалада поездің астына түсіп мерт болған,- әкем Есбеков Тастанның айтуы бойынша.
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Атырау облысы, Индер ауданы немесе БҚО облысы Жаңақала ауданына қарасыты Толыбай тас деген жерде мекендеген сияқты. Кейбір айтушылар Шолан тауында деп те айтады. Жайық беріш руының Көтей, Шұбар деген екі аталас ұрпақтары.

Ұсынушының толық аты-жөні: Есеналин Ақылбек Ғабиденұлы
Мекенжайы: Орал қаласы
Аталған тұлғаға кім болып келесіз: Немере
Деректер кім арқылы жетті: Әже
Білген дерегін мүмкіндігінше толық жазу: Есеналин (құжатта Исеналин болуы мүмкін) Әлмұхамбет Әжгерейұлы. 1938 жылы сотталған. Алашорданың батыс бөлімінде юнкер офицері болған. Әкесі Әжгерей 1912 жылы Салық Омартың орнына Өлеңті уезінде болыстыққа сайланған, кейін өзінің хатшысының қолынан қаза тапқан. Сотталғанға дейін дайындау мекемесінің есепшісі қызметін атқарған. Жымпиты ауданынан сотталған. Немересі Өскемен Есеналиннің айтуы бойынша Самара облысына жер аударылып, 70-ші жылдары ақталған. Жымпиты ауылынан қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы «Жазықсыз жазаланған бойдақтар» кітабында есімі көрсетілген. Интернеттегі бір мәліметте «Жиембайдағы (Жымпитыдағы болуы мүмкін) тұтқындар үйінің коменанты» деп делінген. Руы Байбақты-Шолан-Түкіш-Бегетай бөлімінен. Ұрпақтары Орал қаласында тұрады.

2 бет. Барлығы: 2

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.