Батыс Қазақстан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс топтарының ҚҰРАМЫ

1.      Өңірдегі халық көтерілістеріне қатысқаны немесе қолдағаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды зерттеу бойынша жұмыс тобы

ХАЙДАРОВ Есқайрат Ерболатұлы

Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы, т.ғ.к.

 

2.      Күштеп ұжымдастыру және 30-шы жылдардағы ашаршылықтан жойылған немесе жапа шеккендерді анықтау  бойынша жұмыс тобы

БОРАНБАЕВА Бақтылы Сансызбайқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «ҚР-ның тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к.

 

3.      Кулактар, байлар, жартылай феодалдар мен шаруалардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу бойынша жұмыс тобы

САФУЛЛИН Жантас Набиоллаұлы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы, өлкетанушы

 

4.      Алаш партиясы, Алашорда үкіметі идеясы үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды анықтау бойынша жұмыс тобы

БАЙБОЛСЫНОВА Альфия Сабырғалиқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «ҚР-ның тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.,  доцент

 

5.      Дәстүрлі дін өкілдері – саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы

ҚАБЖАНОВ Қазбек Құттымұратұлы

«Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, өлкетанушы

 

6.      1939-1945 жж. фашистік Германия,Финдляндия және басқа да Еуропа елдерінде қамауға алынған әскери тұтқындарды ақтау бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы

БАТЫРХАНОВ Ахмедьяр Қуанұлы

Батыс Қазақстан облысы Мәншүк Мәметова музей-үйінің меңгерушісі, өлкетанушы

 

7.      Қазақстанға күштеп көшірілгендерді анықтау, 1920-1940 жж. аралығында мемлекеттің жазалаушы әрекеттерінен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған босқындарды ақтау бойынша ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыс тобы

КУРУМБАЕВ Айболат Шамуратұлы

«Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры, магистр, өлкетанушы