Дошумов Хасен 1902 жылы БҚО Талпын ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, аяқталмаған жоғары білімді, қазақ тілінің мұғалімі, Батыс Алашорданың жетекшілерімен бірігіп, антисоветтік контрреволюциялық топты құрған деген айып тағылған. Сламихин педтехникумында директор қызметін атқарған. Тұтқындалған кезде Алматы облысында экономикалық техникумда қазақ тілінің мұғалімі қызметін атқарған. 1937 жылы 21 желтоқсанда Алматы облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалып, УНКВД Үштігінің шешімімен 1937 жылы 29 желтоқсанда РКФСР ҚК бойынша 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1989 жылы 31 мамырда Алматы облыстық прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы КСРО ПВС Қаулысына сәйкес ақталған. (Қылмыстық ісі Алматы облыстық ПД архивінде сақталған. Ақпарат БҚО ПДА №3984 ісінен алынған. Бижан Жанқадамовтың қылмыстық тобының құрамында болды деген айыппен тұтқындалған.).
Дошумов Хасен
- Аты-жөні: Дошумов Хасен
- Туған жері: БҚО Талпын ауыл советі
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ