Есенғалиев Керей (дүниеге келген, дүниеден озған жылы белгісіз). Қазақ, білімі бастауыш. Батыс Алашорда милициясының офицері, Алашорданың белсенді мүшесі. Алаш Халық милициясын жасақтау, әскерді дайындау ісімен айналысқан. Алашорданың белсенді мүшесі Ғаббас Жетпісов төрағалық еткен большевизммен күрес жөніндегі комиссия жанындағы айдауыл (конвой) командасында офицер А. Аблаевпен бірге командир болған. Бұдан кейінгі тағдыры белгісіз. (БҚО ПД архиві, №П 1220 – А. Аблаев ісінде).
Есенғалиев Керей
- Аты-жөні: Есенғалиев Керей
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ