Ермұхамбетов Исағали 1898 жылы БҚО Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – меңгеруші. Алашорда мүшелерін қолдаған, ниеттес. 1938 жылы 20 маусымда БҚО Тайпақ УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 27 қазанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен сотталып, ең ауыр үкім–атужазасына кесілді. 1959 жылы 31 желтоқсанда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс).
Ермұхамбетов Исағали
- Аты-жөні: Ермұхамбетов Исағали
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ