Есеев Гұбайдолла 1907 жылы БҚО Тайпақ ауданының (қазіргі Жаңақала ауданы) Жаңақазан ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, аудандық газеттің редакторы қызметін атқарған. Батыс Алашорданы қолдаушы ниеттес және антисоветтік террористік ұлтшыл ұйымның мүшесі деген айып тағылып, 1938 жылы 16 сәуірде БҚО Жаңақала аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1939 жылы 16 желтоқсанда БҚО УНКВД шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПД архиві, №П-2209 іс.).
Есеев Гұбайдолла
- Аты-жөні: Есеев Гұбайдолла
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының (қазіргі Жаңақала ауданы) Жаңақазан ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ