Есенжанов Жасұлан, 1866 жылы БҚО Қаратөбе ауданының Сабынкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, бұрынғы бай, болыстық старшын. Батыс Алашорданың белсенді мүшесі. 1929 жылы сайлау құқығынан айырылған, 1930 жылы БҚО НКВД тарапынан тұтқындалған, үнемі Кеңес үкіметінің тарапынан бақылауда болып, қуғынға ұшыраған. 1937 жылы 24 қыркүйекте БҚО НКВД тұтқындаған, 1937 жылы 10 қазанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы 13 сәуірде БҚО прокуратурасы 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО Қаулысына сәйкес ақтаған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Есенжанов Жасұлан
- Аты-жөні: Есенжанов Жасұлан
- Туған жері: БҚО Қаратөбе ауданының Сабынкөл ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ