Есмағамбетов Қадырбай (Қдырбай), 1896 жылы БҚО Гурьев аймағының Тайпақ ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі жоғары. Алашорда офицері, Батыс Алашорда әскери бөлімінің жетекшілерінің бірі. Алашорда таратылғаннан кейін Маңғыстау ауданының форт Александровска (Таңдай) орта мектебінде мұғалім, кейін осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі қызметінде жүрген кезінде НКВД тыңшыларының назарына ілінген. Оқу-ағарту саласын «бұрынғы алашордашы, молда, бай-федалдар мен олардың ұрпақтарынан тазарту» жұмыстары кезінде 1938 жылы 9 ақпанда Гурьев облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 14 ақпанда Гурьев облыстық УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-10, 58-11 баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім - ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1957 жылы 24 қаңтарда Гурьев облыстық сотының қаулысымен оған қарсы қозғалған істің қылмыстық құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, №П-983 іс, БҚО МА 786 -қор, 1 тізбе, 24-байлам, №225 іс. ).
Есмағамбетов Қадырбай (Қдырбай)
- Аты-жөні: Есмағамбетов Қадырбай (Қдырбай)
- Туған жері: БҚО Гурьев аймағының Тайпақ ауданы, Қарабау ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ