Жадралиев Ахмет, (дүниеге келген, дүниеден озған жылы белгісіз), Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Сары-Көпе ауылында тұрған. Қазақ, білімі орташа, Алашорданың белсенді мүшесі. Қылмыстық істе Қазстудия директоры Мұқанов Уаштың күйеу баласы деп көрсетіледі. БҚО бойынша Акботин, Құрманбаев, Казыев, Балғаниязов, Иманқұлов, Хангиреев, Кощанов, Ипмағамбетов, Өтегенов, Ажиев, Чунгуловтармен бірге 1938 жылы қаңтарда тұтқындалған. Одан әрі тағдыры белгісіз (БҚО ПД архиві, №983 Казыев Орынтай ісінде).
Жадралиев Ахмет
- Аты-жөні: Жадралиев Ахмет
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Сары-Көпе ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ