Жазықбаев Мәкәрім (Джазыкбаев Макарим), 1899 жылы дүниеге келген. Туған жері – Тайпақ ауданы №18 ауыл. Әкесі жеке мешіт ұстаған танымал молда болған. Өзі Батыс Алашорданың белсенді мүшесі, «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметінің хатшысы қызметін атқарған, мамандығы – мұғалім. 1929 жылы Тайпақта Кеңес өкіметіне қарсы банды тобын ұйымдастырып, ұрлық жасады деген айып тағылып, милициядан қашып, 1929-1935 жылдары елден шеттетіліп, Астрахань жеріне қоныс аударған. Кейін 1935 жылы Қаратөбеге қайтып келіп, бастауыш мектепте ұстаздық қызмет атқарған. 13 шілде 1937 жылы Қаратөбеде жұмыс жасап жүрген жерінде бұрынғы молда, контрреволюциялық байлар тобында болып, өкіметке қарсы күресті деп, 3 жылға бас бостандығынан айрылған. Кейін қайта сотталған. Айыптау:Батыс Қазақстанда контрреволюциялық панисламистік, шпиондық наразылық ұйымдастырған және Қаратөбе бойынша осы контрреволюциялық панисламистік ошақтың жетекшісі болғаны үшін айыпталып, ең ауыр үкім – атужазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. (УК РСФСР 58-2-11-бап). 2 қазанда 1937 жылы үкім орындалып, атылған. 1988 жылы 16 қаңтарда қылмыстық ісі құрамының жоғына орай іс тоқтатылып,ақталған.(БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек1937 ж. №П-2942 іс ). Осы топта сонымен бірге Өтеғалиев Жұмағали, Туриев Қуаныш, Исмагулов Сейітқазы, Айткулов Мамил, Шадманов Мереке, Ибрашев Қалмуқаш, Нурушев Жақия, Ниталиев Иргали, Ибрагимов Нигметулла, Байгулов Гатаулла бірге ұсталып, айыпталып, атылған.
Жазықбаев Мәкәрім (Джазыкбаев Макарим)
- Аты-жөні: Жазықбаев Мәкәрім (Джазыкбаев Макарим)
- Туған жері: Тайпақ ауданы №18 ауыл
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ