Жазықбаев Мүслім (Джазыкбаев Муслим), 1902 жылы дүниеге келген. Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №18 ауылы. Бұрын сотталмаған. Әкесі Жазықбай жеке мешіт ұстаған. Қызметі: Қаратөбе бастауыш мектебінде мұғалім. 19 қыркүйекте 1937 жылы Қаратөбе аудандық НКВД тұтқындаған. Айыптау: молданың баласы, Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізгені үшін айыпталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. 30 қыркүйекте 1937 жылы үкім орындалған. 31 қаңтар 1957 жылы істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған. (УК РСФСР 58-2-11-бап). (БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2942 іс ).
Жазықбаев Мүслім (Джазыкбаев Муслим)
- Аты-жөні: Жазықбаев Мүслім (Джазыкбаев Муслим)
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №18 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ