Жақыбалиев (Джакубалиев) Хан (Мухамедхан), 1892 (1890) жылы БҚОЖаңақала ауданының Төртпішен ауылында дүниеге келген, ұлты –қазақ. Әлеуметтік жағдайы – бай отбасынан шыққан, сауатты, белсенді алашордашы. Тұтқындалған кезде Фурманов ауданында педкурстың директоры қызметін атқарған. Үйленген, әйелі Нұржамал 42 жаста, қыздары Макка 12 жаста, Мария 9-10 жаста, ұлы Елтай, немересі Звай 6 айлық (1937 жылғы 21 қыркүйектегі жауаптау хаттамасынан). 1937 жылы 21 тамызда БҚО УНКВД тарапынан «антисоветтік ұлтшыл ұйымның мүшесі» ретінде тұтқындалған. 1937 жылдың 25 қарашасында БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1992 жылы 16 қыркүйекте КСРО Президентінің 1990 жылғы 13 тамызындағы Қаулысына сәйкес КССР Жоғарғы Соты ақтаған (БҚО АД архиві, №П-3981).
Жақыбалиев (Джакубалиев) Хан (Мухамедхан)
- Аты-жөні: Жақыбалиев (Джакубалиев) Хан (Мухамедхан)
- Туған жері: БҚОЖаңақала ауданының Төртпішен ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ