Жалмағамбетов Сардар, 1888 жылы Гурьев облысы Еспол ауданының №11 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Батыс Алашорда әскери жасағында белсенді қызмет атқарған. «Алашорда жетекшілерін қолдаушы, ниеттес, антисоветтік көзқарастағы, мемлекетке қарсы көтерілісші күштерді қолдаушы топта» деген айыптар тағылып 1938 жылы 25 қаңтарда тұтқындалған. 1938 жылы 14 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10 бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім-ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1958 жылы 6 қыркүйекте Гурьев облыстық сотының қаулысымен істің қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Жалмағамбетов Сардар
- Аты-жөні: Жалмағамбетов Сардар
- Туған жері: Гурьев облысы Еспол ауданының №11 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ