Жалмұхамбетов Уахит, 1909 жылы БҚО Гурьев округі Теңіз ауданының Нұржау ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – колхозшы. Батыс Алашорда жетекшілерін қолдаушы, ниеттес, антисоветтік көзқарастағы, мемлекетке қарсы көтерілісші күштерді қолдаушы деген айып тағылған. 1937 жылы 28 қыркүйекте Теңіз аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 5 желтоқсанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-9, 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім–атужазасына кесілген. Үкім орындалған. 1988 жылы 19 желтоқсанда Гурьев облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орайіс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Жалмұхамбетов Уахит
- Аты-жөні: Жалмұхамбетов Уахит
- Туған жері: БҚО Гурьев округі Теңіз ауданының Нұржау ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ