Жаманмұрынов Тел (1888 ж. Ақтөбе обл. Ырғыз ауд.-25.2.1938, Алматы)–қоғам қайраткері. Мәскеудегі Петров-Разумов (кейін Тимирязев) атынд.академияны бітірген. 1916 ж. желтоқсаннан 1 дүниежүз. соғыс майданына қара жұмысқа алынған қазақтарға (Минск маңы) көмек көрсетушілердің қатарында болды. 1917 ж. «Еркін дала» (Орынбор) ұйымын ұйымдастыруға қатысқан. I жалпықазақ съезінде (Орынбор, 1917 ж. 21 шілде) Торғай обл-нан сол жылғы қыркүйекте Алаш партиясының өкілі ретінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылды. Торғай.обл қазақтарының II съезінде (Ақтөбе, 1917 ж. 20-25 тамыз) хатшы болды. Кеңестер кезінде Қазақ КСР Жер халкоматының жерге орналастыру бөлімінің қызметкері, бастығы қызметтерін атқарды. 1927 ж. Түрксіб темір жолын жобалауға қатысты. 1930 ж. жалған жаламен сотқа тартылды. 1933-1934 жж. аштықтан шет жерлерге көшіп кетушілерді елге қайтару ісімен белсене айналысты. Ақтөбе обл. атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1937 ж. мамырда «Қазақстанды КСРО-дан бөліп, ұлттық-буржуазиялық мемлекет құрмақшы болған ұйымды құрушылардың бірі» деген жалған саяси жаламен тұтқындалып, түрмеде қаза тапты. КСРО Жоғарғы сотының шешімімен 1958 жылы 4 наурызда ақталды (Алаш. Алашорда. Энциклопедия. Құраст: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009.)
Жаманмұрынов Тел
- Аты-жөні: Жаманмұрынов Тел
- Туған жері: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ