Айтқұлов Мәмила

Аты-жөні: Айтқұлов Мәмила
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты сырым ауданы Көздіғара ауылы
Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Көздіғара ауылы

 

31. Айтқұлов Мәмила (Айткулов Мамиль, Камил, 1874-1937) – Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Көздіғара ауылында туған. Ұлты қазақ – білімі бастауыш, колхозшы. Молда, бұдан бұрын да екі мәрте сотталған. Қуанай Қосдәулетов, Хасан Нұрмұхамедов бастаған контрреволю-циялық панисламистік топ мүшесі ретінде М. Жазықбаев, Ж.Өтеғалиев, Қ.Тұриев, М.Шадманов, Қ.Ибрашев, Ж.Нұрышев, Е.Неталиев, Н.Ибрагимов, Ғ.Байғұловтармен бірге айыпталып, 1937 жылы 11 қыркүйекте тұтқындалған. 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11 баптары бойынша айыптап, ату жазасына кескен. БҚО прокуратурасы 1989 жылы 28 көкекте ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.