337. Жұқашев Тәмен (Джукашев Тамен, 1872-1937) – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылында туған, қазақ. Молдалықпен айналысқаны үшін 1932 жылы 8 қаңтарда сотталып, ақталған. 1937 жылы 8 қыркүйекте қайта тұтқындалған. РСФСР ҚК-ның 58-10-бабы бойынша айыпталып, БҚО НКВД үштігі 1937 жылы 15 қараша күні ату жазасына кескен. 1989 жылы 16 қаңтарда БҚО прокуратурасының қорытындысымен ақталған. (Қылмыстық ісі Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы архивінде сақталған)