Ақтөбе облысындағы археологиялық ескерткіштер жойылып барады

0
747

Тарихи ескерткіштер қирап барады. Ақтөбелік археологтар: «Өткеннен сыр шертетін қорғандардың бірқатары құрдымға кетуі мүмкін», – деп дабыл қағуда. Құрылыстың өсуі мен өркендеген өндіріс археологиялық орындарды біртіндеп жаулап алған. Мансұр Есқожин, тілші: – Тарихшылардың пайымдауынша, дәл осы жерде осыдан үш мың жыл бұрын елді мекен пайда болған. Оған дәлел – мына қайрақ тастардан қаланып салынған қорғанның қабырғалары. Өткен жылы жүргізілген қазба жұмыстарының барысында бұл жерден ежелгі темір және қола дәуірлерінен қалған жәдігерлер табылды. Ал бүгінде бұл жерлерді жергілікті билік Бекқұл баба ауылының болашақ тұрғындарына үлестіріп берген. Облыс орталығынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан аумақта құрылыс қарқынды жүруде. Бөлінген жер телімдеріне инженерлік жүйелері тартылып, жақын арада үлкен ауылға айналуы тиіс. Мұны ескерген тарихшылар өткен жылдың тамыз айында жедел қазба жұмыстарына кіріскен. «Бірақ өңірдегі жер игеру қарқынына үлгерер емеспіз», – дейді.

Источник: https://khabar.kz/kz/m-ra-at/top-beine/item/104750-a-t-be-oblysynda-y-arkheologiyaly-eskertkishter-zhojylyp-barady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz