Ғылыми зерттеу мақалалары

Уақыт өте газеттеріміздің алғашқы нөмірлерінің елге әкелінуі қалыпты жағдайға айналып, қызығы мен қуанышы мол бұл сәт те тарих қойнауына өтер. Газеттеріміздің тарихында маңызды орын алатын сапарымыздың желісін есте қалсын деген оймен баяндауды жөн көрдім.

Қуанышты хабар, Уфадан өңірімізге қатысты құнды мәліметке толы 10 мың беттей архив құжаттарын әкелдік. Башқұртстан Республикасының ұлттық архивінен 1865, 1871, 1875 жылдардағы Ішкі орданың метіркелік журналдарының электронды көшірмелерін жасап, Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының жаңа жасақталған қорын құнды құжаттармен толықтырдық.

Кеңес үкіметінің қазақты елдігінен айырып, отарлау үшін жасаған сорақылығы патшалық Ресейден де асып түскен. Соның бір көрінісі – әр қазақ үшін қасиетті ата-баба зиратын қиратып, жоспарлы түрде жою. Құлпытастарды тыңғылықты зерттеуді ұйымдастыра жүріп, осының дәлелі болатын жағдайға тап болдық. Өткеннің озбырлығына кездейсоқ кездеспедік, жүйелі жасалған жұмыстардың нәтижесі бұл.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселені жүзеге асыру үшін елімізде қыруар жұмыс атқарылуда. Соның бірі Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарын анықтау болатын. Бұл тізімге біздің облысымыздан жеті нысан кірді.

Қазақтың алғашқы жоғары білімді дәрігерлерінің бірі – Дәулетше Күсеп­қалиевтің тағдыры түрлі сынаққа толы. Оның әкесі Жүсіп Күсепқалиұлы 1868-1870 жылдары Ресейдің отарлық саясатына қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне қатысқаны үшін Сібірге жер аударылғанда, Дәулетше 1874 жылы Екатеринослав уезі, Старо-сербск қаласында дүниеге келіпті. Кіндік қаны жат жерде тамған төре тұқымы атажұрты – Тайпақ өңіріне тек он жылдан кейін оралыпты...

Отызыншы жылдардың ойранын көз алдыңа әкелетін көне құжаттарды қарап отырып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға тағылған айыптың қисынсыздығына, соған қарамастан мыңдаған адамның атылып, айдалып кеткеніне таңғаласыз.

Қасиетті Рамазан айында Батыс Қазақстан облыстық мешітіне Қуанай хазіреттің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жатыр. Заманында Батыс Қазақстан ғана емес, күллі қазақ жұртына белгілі болған діни қайраткер, Күнбатыс Алашорда үкіметінің рухани көсемі атанған Қуанай Қосдәулетов кім еді?!

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.