Советтік қуғын-сүргін кезінде ата-бабасы репрессияға ұшырап, түрлі қиындық көрген аға буын ұрпақтары!
Репрессия құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған комиссияның жұмыс тобы мүшелері Жымпиты ауылында жүр.
Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия биыл «Халық жады» (Память народа) атты естелік жинағы дайындап жатқанын бұдан бұрын хабарлаған едік.
Бұл жинақта қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының естеліктері жинақталады. Қуғын-сүргінге ұшыраған бай-құлақтар, халық көтерілістеріне қатысушылар, Алаш қозғалысы, Алашордаға қатысты тұлғалар мен ниеттестер, Қазақстаннан басқа жаққа амалсыз көшкен босқындар, ГУЛАГ лагерьлерінің тұтқындары, әскери тұтқындар, жер аударылғандар және арнайы қоныс аударушылар, дін өкілдері және т.б. тұлғалар туралы естелік, құжат көшірмелері, т.б. мәлімет қамтылады.
Сондықтан Сіздің ата-әжеңіз немесе басқа да туысыңыз репрессияға ұшырап, қуғын көрсе, сотталса, жер аударылса, ол жайында қандай да бір ақпарат білсеңіз, естіген әңгімелер жадыңызда қалса, бізге хабарласыңыз.
Біз бұл күндері Сырым аудандық архивінің көне құжаттарымен танысып, репрессия құрбандарының ұрпақтарымен кездесуді жоспарлап отырмыз.
Хабарласыңыз:
+7 708 434 2463
+7 701 849 2931
+7 747 501 1901
Естелік материалды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды почтасына жолдауға болады.
"DANA" ғылыми зерттеу орталығы