Бүгін Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Қ Президенті Қ. К. Тоқаевтің 2020-шы жылғы 24-ші қараша күнгі жарлығы негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021-ші жылғы 20-шы қаңтар күнгі 1-ші қаулысы негізінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі құрылған өңірлік комиссияның мүшелері М. Өтемісұлы атындағы БҚУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ доуенті, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров, есімдері өңірімізге кеңінен танымал өлкетанушылар Ахмедияр Батырханов пен Айболат Құрымбаев аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуді "БҚО мемлекеттік архиві" КММ-нің Жалпақтал филиалының директоры Миржан Қарабалин ашып, жүргізіп отырды.
Өткен ХХ-ғасырда КСРО-ның қолдан жасалған солақай саясатының салдарынан түрлі айтуға ауыз бармас қиын оқиғалардың салдарынан ашаршылық, жазықсыз жазалау, Екінші Дүниежүзілік соғыс, күштеп қоныс аудару, шет мемлекеттерге көшуге мәжбүр болған аға-ұрпақты ақтау, ерен ерліктерін кейінгі ұрпаққа паш ету мақсатында келген ізденуші-ғалымдар тобы, өз салалары бойынша жиналғандарға жан-жақты түсінік берді. Кздесуге ауданымызда тұрып жатқан соғыс тұтқындарымен Ғ. Әнесов басқарған "Қазақ халқын қорғаушылар Одағы" және 1952-ші жылы Орда ауданы жері "Капустин-Яр" сынақ алаңына берілуіне байланысты басқа аудандарға көшуге мәжбүр болған адамдардың ұрпақтары қатысты.
Өз кезектерінде еңбек ардагерлері Сәрсенғали Бисенғалиев, Сүндет Мұхамбетияров, Айман Қажығалиева, Нұрсұлу Қажғалиева, Ақзила Тұрымова, Мақуза Сәрсенова, Жалпақтал ауылдық мұсылмандар мешітінің бас имамы Тлепберген Нұралиев, К. Меңдәлиев атындағы ОЖББМ-нің мұғалімі Ахмет Өтешев сөз алып, сан-қилы оқиғалардың куәгері болып, қиын күндерді бастан кешкен әке-аталары жөніндегі тұшымды естеліктерімен бөлісті. Сонымен бірге келелі кездесуге К. Меңдәлиев, Ғ. Молдашев атындағы ОЖББ мектептерімен Жалпақтал көпсалалы аграрлық технологиялық колледжінің тарих пәні мұғалімдерімен кітапханашылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен қосымша білім беру педагогтары қатысып отырды. Келешекте шыққалы жатқан 20 томдық "Халық жады" энциклопедиясына енгелі жатқан түрлі оқиғалардың куәгерлерінің ұрпақтары модераторларға жекелей сұхбат беріп, емін-еркін әңгіме дүкен құрды.
Әсем БОЛАТ