Жантас Нәбиоллаұлы, мен сізбен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі қызметтерді Батыс Қазақстан облысында жүзеге атқарып жатқан «Dana» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі ретінде сұхбаттасқалы отырмын. Бұл тақырыптан жалпы хабардар болсам да, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қалай, неден бастау алғаны жайлы өз аузыңыздан естісем деймін.