Жаңалықтар
ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия құрамы
Толығырақ...Шерлі тарих шындығы
Толығырақ...Жымпитыдағы жүздесу
Толығырақ...САЛИҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
Толығырақ...Құрметті жымпитылықтар, Сырым ауданы тұрғындары!
Толығырақ...
Ғылыми зерттеу мақалалары
Оқу жылының басында жыл сайын өткізілетін республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысу мақсатында тың әрі өзекті тақырып іздей бастадық. Осы тұста қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген әкем Жантас Сафуллиннен кеңес сұрадық. Ол бізге қазіргі таңда терең зерттеуді қажет ететін бірнеше маңызды тақырып ұсынды. Солардың ішінде бізді ерекше толғандырған және назарымызды бірден аудартқан мәселе — кеңестік кезеңдегі еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихы болды.
Тарихтан белгілі, 1925 жылы елімізді басқаруға келген Ф. Голощекин Қазақстанды «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға ауданымыздан 3602 адам аттаныпты. Олардың басым көпшілігі Сталинград, Калинин майдандарында және Мәскеу, Курск, Воронеж, Новгород, Псков, Ленинград қалалары үшін болған кескіліскен шайқастарға қатысқан. Қан майданнан 2241 боздақ туған ауылына оралмады. Ұлы Отан соғысы талай отбасының шаңырағын ортаға түсірді. Сол сұрапыл соғыстан оралмаған боздақтар қанша ма? Анасы баласынан, баласы әкесінен айырылып, соғыс зардабын шекпеген отбасы қалмады. Сондай отбасының бірі -Рахматуллиндер әулеті.