Іздеу

Ғылыми зерттеу мақалалары

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға ауданымыздан 3602 адам аттаныпты. Олардың басым көпшілігі Сталинград, Калинин майдандарында және Мәскеу, Курск, Воронеж, Новгород, Псков, Ленинград қалалары үшін болған кескіліскен шайқастарға қатысқан. Қан майданнан 2241 боздақ туған ауылына оралмады.  Ұлы Отан соғысы талай отбасының шаңырағын ортаға түсірді. Сол сұрапыл соғыстан оралмаған боздақтар қанша ма? Анасы баласынан, баласы әкесінен айырылып, соғыс зардабын шекпеген отбасы қалмады. Сондай отбасының бірі -Рахматуллиндер әулеті.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында істі болып әскери трибунал үкімдерімен ату жазасына кесілгендер мен сотталған тасқалалықтар туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінде сақталған құжаттар негізінде осы мақаланы жазуға тура келді. Ресей архивінде сақтаулы құжаттарда майдан даласында істі болғандардардың аты-жөндері, туған жылдары, туған жерлері, әскери бөлімдері, мекенжайлары мен туыстары туралы мәлімет келтірілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша кең көлемде жұмыс басталғалы үш жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында да қыруар жұмыс атқарылды. 2001 жылы өңірде кеңес­тік репрессия құрбандарын ақтау, сол кездегі со­лақай саясаттың әсерінен болған қуғын-сүргіннің ауқымын зерттеу­ге байланыс­ты құрылған жұмыс тобы «Dana» ғы­лы­ми-зерттеу орталығының аясында қызмет етті. Жергілікті атқарушы билік­тің жан-жақты қолдауы және жұмысты дұрыс ұйымдастырудың арқасында аз уақытта көп жұмыс тындырылды.

Кеңестік репрессия жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кеткен арыстарымыз аз емес. Олардың көпшілігінің соңғы мекені – зираты да белгісіз. Осындай аяулы азаматтың бірі Ахмет Мәметов болатын.

Төңкерістен бұрынғы Батыс Қазақстан өңірінде ең танымал дін қайраткерінің бірі болған Дәулетияр ишан Айсарыұлының да тағдыры аянышты. Кеңес үкіметі 80 жас­тан асқан ақсақалды бірнеше мәрте соттап, жер аударады. 1935 жылы Жымпитыда дүние салған ишанның қабірі талай жыл күтімсіз жатқаны өкінішті-ақ...

ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірбаянына қарап көрсек, олардың әрдайым ұлт шаруасы үшін алғы шепте жүргенін байқаймыз. Советтік репрессия кезінде аяусыз қуғындалып, тағдыры тәркі болған тұлғаларды қасиетті рамазан айында бір еске алып қойған артық болмас.

Заманында ең танымал дін қайраткерлерінің бірі, Орал облы­сының қазиы атанған Қайырша Ахметжанов бүгінде мүлдем ұмытылған деуге болады. 1917 жылы Орал қазақтарының сиезін ұйымдастырушылардың бірі, бүкілресейлік мұсылмандар сиезінің, Орынборда өткен жалпықазақ сиездерінің делегаты, Күнбатыс Алашорда үкіметінің діни көсемдерінің бірі Қайырша хазіреттің сүрген жылдары, ғұмырының соңғы кезеңі белгісіз, ақтаңдақ...

Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында ерлік көрсетіп, үкіметтік марапаттармен марапатталған, алайда соғыстан соң сотталып, темір тордың ар жағында қиын күндерді бастарынан кешкендер туралы мерзімді басылымдарда жазылып жүр.

Кеңес одағын, соның ішінде Қазақстанды да жайпап өтіп, ұлттың сүт бетіне шыққан қаймағын қалқып алған 1937-1938 жылғы зұлмат репрессияның өткені күні кеше ғана еді. «Халық жауларын», «ұлтшылдарды» түп-тамырымен құртып, НКВД жендеттері қан сасыған жеңін жаңа құрғата бастаған. Кенет... 1941 жылы Орал педагогикалық институтының 17 жастағы студенті Ғұбайдолла Әнесов бастаған өндірдей 14 жас тарих сахнасына шықты. Олардың мақсаты – ұйымның аты айтып тұрғандай, қазақ халқын қорғау болатын.

Біздің кеңестік қазақ тарихында көп айтылмай жүрген ақтаңдақ жетерлік. Соның бірі – 1952 жылы Капустин Яр әскери полигоны ашылғанда туған жерінен еріксіз көшірілген мыңдаған адамның тағдыры. Биыл сол сүргінге 70 жыл толды.

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің туғанына 140 жыл толды. Автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы болған тарихи тұлғаның мерейтойы оның туған жерінде кеңінен аталып өтті.

Ғұбайдолла халфе Совет үкіметінің қуғын-сүргінінен амалсыз туған жерінен жырақтап, жат жерде өмірі өксіп өткен дін қайраткерінің бірі. Заманында өте алғыр, зерек болып, қатарынан оза туғаны басына бәле болып жабысып, «совет үкіметіне сенімсіз», «халық жауы» ретінде сотталған, жер аударылған.

1 бет. Барлығы: 4

© 2021-2023 batysmura.kz тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу порталы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.batysmura.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на batysmura.kz.